“Жерге кіретін біз. Өзіміз тудық, өзіміз білеміз дейді…” - Гүлзира Айдарбекова келіндері туралы айтты

Продюсер өз перзенттеріне бірінші кезекте ана тілін үйреткенін айтады. Сөзінше, кезінде Қайратты кей адамдар орысша сөйлей алмағаны үшін сынға алған. Оңтүстіктен шығып, қазақи ортада өскенімен, Қайраттың балалары негізінен орыс тілінде сөйлейді. Мұны байқаған көпшілік олардың ата-анасына шүйлікті.

"Біз ұлдарымызды солай тәрбиеледік. Кезінде елден "Қайрат орысша сөйлемейді, сөйлей алмайды" деген елден қаншама мысқыл сөз естідік. Бірақ "өз тіліңнен ұялма, басқа тілде шүлдірлегендер өз тілін білмегеніне өздері ұялсын" деп ескертіп отырдық. Ал енді немерелердің жанында бола бермейміз. Оның үстіне келіндер "өз анасымыз, өзіміз тудық, өзіміз білеміз" дейтін шығар. "Иә" деп қояды да, өз білгендерін жасайды ғой. Әрине, сын айтылған сайын жерге кіретін – біз, бастарына тиген күні түсінер", – деді Айдарбекова.