Жерге қонбай ұзақ ұшқан авиарейс рекорды жаңартылды

Аустралиядағы Qantas әуе компаниясына тиесілі Boeing 787-9 лайнері әуеде ең ұзақ авиарейсті орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат FlightAware порталының деректеріне сілтеме жасап.

 Рейс 19 сағат 14 минут бойы жерге бір қонбастан, Нью-Йорк қаласынан Сиднейге ұшып барған. 16 мың 309 шақырымды еңсерген ұшақ 37 минутқа кешіккен. Бұған дейінгі рекорд Нью-Йорк-Сингапур рейсіне тиесілі еді. Сол кезде ұшақ 18 сағат 50 минут бойы әуеде болған.