Жергілікті атқару органдары мемлекеттік орман қорығының жерлерін заңсыз пайдалану деректеріне жиі жол беруде - Бас прокуратура

Оның түсініктемесіне жүгінсек, Орман кодексіне сәйкес мемлекеттік орман қорығына иелік ету және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының үкіметіне ғана тиесілі.

Алайда, әр облыста дерлік жергілікті атқару органдарының актілері негізінде аталған талаптарын бұзып, жер берілгені, сөйтіп аталған талаптардың бұзылғаны анықталды.

Облыс әкімдіктерінің иеліктеріндегі барлық 121 орман мекемесінің 30-ында жерді тұрақты пайдалану құқығының мемлекеттік актілері жоқ болып шықты.

Ал Ақтөбе облысының орман мекемелерінде мұндай актілер түгелдей жоқ.

Аталған актілер Шығыс Қазақстан облысындағы 13 мемлекеттік орман мекемесінің 5-уінде болмаған, ал олардың ішінде облыстағы ең ірі Зыряновск, Риддер және Черемшанск орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелері бар.

Жерді тұрақты пайдалану құқығының мемлекеттік актісінің болмауы мемлекеттік орман қорықтарының жерлерін заңсыз иемденуге әкеп соқтырды.

Мысалы, "Семей орманы" мекемесі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер учаскелерін уақытша пайдалануға беріп, сондай-ақ ұзақ мерізімге жалға беру туралы бір қатар заңсыз келісім шарттарға да отырған. Бұл фактілер бойынша Семей табиғат қорғау прокуроры осы табиғи резерватының атына ұсыныс енгізіп, заңсыз отырған келісім-шарттардың күшін жою және жерлерді қайтару туралы мәселе қойды.

Жамбыл облысындағы Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу департаментінің тендерлік комиссиясы осы жылдың наурыз айында Мерке мемлекеттік мекемесінің жалпы көлемі 23507 гектар 11 учаскесін мал бағу үшін ұзақ мерзімге пайдалануға берген. Ал ол Департаменттің бұл жерлерге билік етуге құқығы жоқ.

Тексеріс барысында прокуратура органдары 120 прокурорлық қадағалау актісін енгізді. Тәртіптік жауапкершілікке 60 лауазымды адам, әкімшілік жауапкершілікке 12 адам тартылды. 3 қылмыстық іс қозғалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті