"Жергілікті билік халықтың сөзін емес үлкен кәсіпкерлердің сөзін сөйлеп, ығына жығылуды қою керек" - Айгүл Орынбек

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Түркістан облысы, Түлкібас аудан халқы жер қойнауын қазып, алтын іздеп жатқан компанияның үстінен шағым айтты.

Халықтың үнін тыңдап, заңгерлік кеңесімді бердім.

Бес -он тиын беріп, халыққа, эколияға миллиондаған қаржыға залалын тигізетін компанияларға талапты күшейту керек!


Жергілікті билік халықтың сөзін емес үлкен кәсіпкерлердің сөзін сөйлеп, ығына жығылуды қою керек!

Жер өзімізге керек, құлқынның қамын ойлай бермеңдер!", - деп жазды Айгүл Орынбек.