Жергілікті билік Қызылорда облысынан мия әкетуге тыйым салуды ұсынып отыр

"Әлемде бұл дәрілік өсімдікке деген сұраныс артып отыр, өйткені ол өнеркәсіптің көптеген салаларында кеңінен қолданылады. Уақыт өткен сайын мия шикізатының құны арта түспек, бірақ оны жинап алам деушілер де артып отыр", деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жиында, оның сөздері бейсенбіде баспасөз қызметі таратқан хабарламада келтірілген.

Әкім атап өткендей, мия түбірі қайта өңделетін елдерде оның қоры аяқталуға таяу.

Жиынға қатысушылар дәрілік өсімдіктің табиғи ресурстарын қорғау жөнінде бірқатар шаралар ұсынды.

"Өкілетті органдар басшыларының пікірінше, облыс аумағынан мияны әкетуге уақытша тыйым салу керек, өсімдік жинау мен өңдеуге лицензия енгізу керек".


Мия көп жылдық өсімдік, оның түбірінің емдік қасиеттері бар. Мияны волчанка, экзема, өкпенің қабынуы, қан қысымының төмен болуы, ревматикалық артрит, тонзиллит, бауыр аурулары кезінде жиі пайдаланады.