Жергілікті билік Шахтинск секілді шағын қалалардың проблемасына баса назар аударуға тиіс, деп пайымдайды үкімет басшысы

"Әкімдер көп жағдайда облыс орталықтарын жайластырудың қамымен күйбеңдеп жүріп, өз өңіріндегі басқа қалаларды ұмытып кетеді",- деді ол.

Үкімет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, үкімет Шахтинск қаласының жылу қамтамасыздығы тауқыметіне 500 млн. теңге бөлді.

Бұған қоса үкімет басшысы компания басшылығының металлургтар мен кеншілердің ұжымдарымен тіл табысуға мүмкіндік тапқанына қанағаттанғандық білдірді. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 1-қазаннан бастап металлургтардың жалақысы 20 процентке, ал жаңа жылда тағы 10 процентке өсетін болды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті