Жергілікті халықтардың өмірі туралы видео түсіріп жүрген қазақтың екі блогері Ресейде қамауға алынды


Бұл туралы Facebook қолданушысы Нұрлан Тәшім-Тегі хабарлады, - деп жазады Caravan.kz медиа порталы.

"Хакасияда экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жергілікті халықтардың өмірі туралы видео түсіріп жүрген Түркиядан келген екі блогерді заңсыз қамауда ұстап отыр.
Ұсталғандардың бірі біздің қаракөзіміз — Назгүл Кенжетай.

Назгүлдің Ресейлік БАҚ-қа берген сұқбаты бойынша оларды 17 желтоқсанда Абакан қалалық соты қасындағы серігі екеуін "шетелдік азаматтың Ресейге кіру ережесін бірнеше рет бұзғаны үшін" деген кінә тағыпты.
Ал соттың қолдауына ие болған Ресей Ішкі Істер министрлігінің мәліметінше, блогерлер – Назгүл мен оның түркиялық досы екеуінің Ресей шекара заңын бұзып кірудегі мақсаттары олар – арнайы түріктік БАҚ үшін видео түсіріп, аккредитациясыз жұмыс істеді" делінген. Блогерлерге 5 мың рубльден айыппұл салынды. Қазір олар Абакандағы уақытша ұстау изоляторында, Ресейден шығару мүмкіндігі туралы шешімді күтіп отыр, уақытша қамауда отыр. Оларға қаралған бап бойынша 10 күн ішінде шығаруы тиіс.
Бұған дейін Кенжетай мен оның серігі Якутияда да дәл осы бап бойынша айыппұл төлеген екен.

– Біз ешқандай әскериқызметте жүрген тілшілер емеспіз. Бар болғаны Хакасияда байырғы халықтардың мәдениетін көрсету мақсатында бейнеролик түсірдік.
Біз жай ғана видеоблогерлерміз, Якутияда, Бурятияда, Тофаларияда, Алтайда, Хакасияда болдық. Пейзажды түсіруге олардың рұқсатын алмағанымыз үшін, бұлар біздің телефондарымызды алып қойып, адвокатпен байланысуға мүмкіндік бермей, бізді заңсыз ұстап отыр. Қамаудың алғашқы күндері су, тамақ бермей аш отырдық, қазір де жарылқап жатқандары шамалы. Ең сорақысы – біздің тіпті жатақханада қалған құрал-жабдықтардағы бейнежазбаларымызды да өшіріп тастады», – дейді Кенжетай.

P.S. Ресей неден қорқады? Назгүлдің айтуы бойынша, оларды осыған дейін де Ресей заңы айыппұл төлетіп, қоқан лоққы жасаған болса, Ресейліктер Түріктерден, дүйім түркілердің Түркі Одағының астына бірігуінен, Түркі Одағының құрылуының өзінен өлердей қорқады деген сөз ғой."