Жергілікті өзін өзі басқаруды қолдауға бөлінген қаржының 2,5 млрд. теңгесі игерілді

 Бұл туралы бүгін Өңірлік даму министрлігінің алқа мәжілісінде аталған ведомствоның вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.

Оның айтуынша, бұл қаржы 2100 ауылдық жерде білім беру, денсаулық, мәдениет, спорт, сумен қамтамасыз ету, коммуналдық шаруашылық нысандарына толық және ағымдағы жөндеу бойынша 2462 жобаны іске асыруға арналған.

«Атап айтқанда жобалар елді мекендер тұрғындарының жиналысында іріктеледі. Бүгінде 2,5 млрд. теңге игерілді»,-деп нақтылады вице-министр.