Жерлесіміз Д. Кузин конькимен жүгіру спортынан Азиада чемпионы атанды, еншімізде 22 алтын


Астанадағы конькимен жүгіру жабық стадионында өткен жарыста Д. Кузин аталмыш қашықтықты 1 минут 47,37 секундта жүгіріп өтті. Бұл құрлықтың бұрынғы рекордынан 1,76 секундқа жақсы көрсеткіш. Бұл жарыста оңтүстіккореялық спортшы Мо Тае Буму (Mo Tae Bum) күміс жүлдегер атанды. Ол жерлесімізге 0,34 секундқа ұтылып қалды. Қола медальді де тағы бір оңтүстіккореялық Ли Кью Хьюк (Lee Kyou Hyuk) иеленді. Ол Кузинге 1,29 секундқа ұтылып қалды. Атап өтерлігі, осы жарыс кезінде бес бірдей конькимен жүгіруші спортшы қашықтықты Азияның бұрынғы рекордына қарағанда жылдам жүгіріп өтті.