Жерлестері ҚР чемпионатының жүлдегері - «Ертіс» командасын құттықтады

Олардың құрметіне жанкүйерлермен кездесу өткізілді.

«Ертіс» кәсіби футбол клубы өзінің 45 жылдық тарихында Қазақстан чемпионаттары тарихында ресми емес рекордтардың иегері атанды. Команда бес рет ел чемпионы, 13 рет чемпионаттардың жүлдегері атанды. «Ертіс» командасы барлық өткізген кездесулерінде 356 рет жеңіске жетіп, өзіндік рекорд жасады.