Жерлестеріміз «Дакарда» үздіктердің қатарына енді

Аргентинаның Вилья-Карлос-Пас қаласы мен Термас де Рио Хондо арасын қамтыған екінші кезеңде экипаждар 700 шақырымды артта қалдырған. Нәтижесінде жүк көліктерінің арасында Артур Ардавичустың командасы мәреге 20-шы, ал Андрей Чередниковтың «Форды» 32-ші болып келді. Жол айтарлықтай қиын болмағанымен биылғы «Дакар» да спортшыларды сынға алуда. Мәселен, жарысқа шыққан 55 жүк көлігінің 51-і, ал 110 жеңіл машинаның тек 105-і ғана доданы жалғастырып жатыр. Сонымен қатар қатты жауған жаңбырдан өзендер арнасынан асып, бірінші кезең тоқтатылған болатын. Енді экипаждар Аргентинаның солтүстік-батысындағы Сан-Сальвадор-де Жужуй қаласына бет алады.

Артур Ардавичус, «Астана» командасының пилоты:

-  «Дакар» енді басталды. Бірінші күні таулы аумақтар мен қыраттар көп болды. Үздік бестікке кіргісі келген 20 экипаж уақытпен жарыса жетті. Тәуекелге барғандардың бірі өртеніп тынды. Бүгін бар болғаны 5 минут ұтуға болар еді. Алда 11 кезең бар болғандықтан асығудың қажеті жоқ. 

Loading...