Ұшақтың бөліктері Александриядан 290 км жерден табылды. Бұл ақпаратты EgyptAir әуекомпаниясы да растады.
Жергілікті әскерилер ұшақ сынықтарымен бірге MS804 рейс жолаушыларының жеке затттары табылғандығын мәлімдеді.
Еске сала кетсек, кеше Мысырдың Азаматтық авиация министрлігі EgyptAir авиакомпаниясының А320 лайнерінің апатқа ұшырағанын растады. Ұшақ күндіз Парижден Каирге бет алған, Мысыр жағалауынан шамамен 280 шақырым жерде радардан жоғалып кетті.
Ұшақта 12 мемлекеттің азаматтары болған. Жолаушылардың жалпы саны - 56. Экипаж мүшелері сегіз немесе тоғыз болуы мүмкін деп хабарлануда.
Қайғылы оқиға бойынша Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландқа және Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Әс-Сисиге көңіл айтужеделхаттарын жолдады.