Жеррорта теңізінде кеме апатқа ұшырап 400 адам қаза тапты

Кемеде бас-аяғы 550 заңсыз мигрант болыпты. Көбі әлі кәмелетке толмаған балалар. Аузы-мұрнынан адамға толған кеме артық салмақты көтере алмай, жарты жолда суға батыпты. 150 адам құтқарылды. Қазір олар Италиядағы Реджо-ди-Калабрия қаласында. Тірі қалғандар кері елдеріне қайтарылады. Жалпы, Жерорта теңізінде жылда осы уақытта жайлы тұрмыс пен жұмыс іздеген мыңдаған африкалық мигранттар қаза табады. Қайыққа, ірілі-ұсақты кемеге отырған олардың көбі діттеген жерлеріне жете алмай қалып жатады.   

Loading...