"Жететін жерге жетіп алып, адам танымай кетті": Белгілі композитор шәкірті Ернар Айдарға не үшін өкпелі екенін айтты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Халықта біледі, біздің арамызда бір 2-3 жылға созылған кішігірім жағдайлар болды. Білесіз ғой, өнер адамдарға сәл нәрсе жақпай қалса, ренжиді. Маған бір нәрсе жақпай қалды. Оған өкпем болды. Сөзімен келіспей ренжіп қалған сәттер болды. Қанша жылдан бері ол хабарласпай қойды. Жететін жерге жетіп алып, адам танымай кетті ғой деп ойлайсың ғой. Бірақ, шын мәнінде ренжуге болмайды екен. Оларға да мүмкіндік беру керек. Сәлеміміз түзу болғанына, амандық сұрастырып тұрғанға, сыйластыққа не жетсін бұл өмірде. Әйелім де біледі, өзімнің ұстазым келген кезде қалай қарсы алатынымды. Мен негізі міндетті емеспін, бірақ өзімді міндеттеп қойдым. Енді, сыйластық қой. Себебі ол менің бұлақ көрсең көзін аш деп менің көзімді ашқан адам. Осындай дәрежеге жетуіме себепкер болды. Мен оны сыйлай білуім керек" - деді Қуаныш Құрманбаев

Оның айтуы бойынша дәл сол сияқты оның шәкірттері осылай сыйлай білсе,одан артық ештене керек жоқ. Олардың байлығы, табысы керек жоқ. Тек сыйластығы керек. Бірақ Ернардың сыйластығына ешқандай әңгіме жоқ. Бұл екеуімізге қатысты жағдай. Ернар өзінің кішілігін танытып кешірім сұрады. Ернарды ешқашан жамандамаймын, мен үшін ол бетке тұтар, үлкен үміт күтетіндей шәкірттердің бірі, - деді композитор.