"Жеті аймақтың бәрі азат етіледі деп сенемін": Олжас Сүлейменов әзірбайжандарды қолдап шықты

Қазақстандық ақын, жазушы және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов АзТВ арнасында сөйлеген сөзінде Әзірбайжан халқына үндеу жолдады, деп хабарлайды Trend.

- Әзірбайжан – мен үшін туған елім, бауырлас халықтар. Сондықтан, егер мен осы ұлы халыққа, осы республикаға жанашыр болсам, мен оны шын жүректен жасаймын. Мен Бакуде, Ганджада, Шушада, Физулиде және басқа да бірқатар қалаларда керемет күндер өткіздім, олардың барлығын аралап көрдім. Бұл Кеңес заманында болған. Мен онда болып жатқан оқиғалардан хабардармын. Барлығымыз 30 жыл бойы осы азаппен өмір сүрдік. Бізді 1980-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың басында басталған қайғылы оқиғалар қынжылтады. Сол жылдары «1990 жылғы қара қаңтар» оқиғасы кезінде мен сол жерде болдым», - деді Сүлейменов.

Сүлейменовтың пікірінше, қазір Таулы Қарабақта болып жатқан оқиғалар әлемнің ықпалды елдері кіретін Минск тобының қабілетсіздігінің нәтижесі.

- Өкінішке орай, 30 жыл ішінде олар ештеңе жасаған жоқ. Осы себепті Әзірбайжанның өзі жерін босатуға мәжбүр болды,  деді ақын. 


- Мен Физулиді босатты деп естідім. Қазір қалай екенін білмеймін, бірақ мен көрген кезде өте керемет қала болды. Мен 30 жыл бойы оккупацияда болған жеті аймақтың бәрі азат етіледі деп сенемін. Минск тобы Әзербайжанның өзі босатқан және өзі босататын жерлері үшін күресін бағалайды және қолдайды деп сенемін. Мен Әзірбайжанға сәттілік пен бейбітшілік тілеймін. Мен мұны қатты қалаймын. Мен әзірбайжан халқына деген сүйіспеншілігімді білдіремін, оларға бейбітшілік, тыныштық және жарқын күндер тілеймін », - деді Сүлейменов.