Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол өзі жасап алған "ТТТ"-ны түрліше жорамалдаған халыққа жауап берді.
"ТТТ - сөзіндегі “ТТ” - Төреғали Төреәліұлы деген екі сөздің бас әрпі екенін көпшілік білсе де, үшінші “Т”-ның шешімін біле бермейді. Дегенмен, ел ішінде әркім өзінше расшифровка жасап жүр. Біреулер туған жері Төретам деген сөздің бас әрпі десе, біреулер туған әйелі - Толқынның бас әрпі депті.
Руым да Әлімнің ішіндегі Татыраны ғой. Қызылорда қаласында өткен кәнсерттерімнің бірінде, залдан бір қария шығып батасын беріп болып: саған, бір сұрағым бар еді. ТТТ дегендегі үшінші “Т” Татыран деген сөз деп естіп едім, сол рас па?-деді.
Мен: “Жоқ, ата, үшінші “Т” Татыран деген өтірік. Бірінші “Т” - Татыран,- дедім.
Атам жүзі жадырап, бір қуанып қалды. Шамасы, аталасым болса керек. Жүзге бөлінгенім емес, жеті атасын білмеген жетесіз дейді ғой.
Негізі, ешкімге айтпап едім, атам қайдан естіді екен. Шынымен, үшінші “Т” - Айдарбектің 4 баласының бірі Татыран атамның есімінің бас әрпі болатын", деп жазды.