Жеті мемлекетті жаяу басып өтіп, қажылығын өтеген


Бұл сапарға оның бір жылға уақыты кеткен көрінеді. «Бұл күндер менің өмірімдегі ең шуақты күндер болды», - дейді Сенад өзінің сапары жайында.

Ол иығына артқан 20 келі сөмкесін арқалап, Босния, Сербия, Болгария, Түркия, Иордания және Сауд Арабиясының аумағы арқылы  5340 шақырымды жүріп өткен.

Тіпті, соғыс өрті өршіп тұрған Сирия аймағында да өз ізін қалдырыпты. Бірнеше мәрте тексерулерге тап болып, үкіметтік әскер көмегіне де жүгінген көрінеді.