Жеті минуттық жүгіру – өлімнің жүрек дерттерінен пайда болуын 30% қысқартады


Ғалымдар тәжірибелерінде 18 бен 100 аралығындағы 55137 адамды 15 жыл зерттеген .

Нәтижесінде, жүгірумен айналысқан адамдарда өзгелерге қарағанда өлімге итермелейтін себептер  30% кем болса, жүрек-қан тамыр аурулары мен инсульттан көз жұму қаупі  45% төмендеді. Жүгіруге әуес жандар 3 жыл ұзағырақ өмір сүрген. Аптасына небәрі 50 минут, немесе күніне шамамен 7 минут жүгіру өлім қаупін күрт азайтты, деп хабарлады Healthvesti порталы.