Жеті жасар Ернұр Сәдуақасты іздестіру жұмысына тікұшақ тартылды

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

"Баланы іздеу жұмысы жалғасуда. Бүгінде баланы іздеуге Алматы облысының Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы тартылды. Тікұшақ жақын маңайды шарлап шығады", - деп хабарлады Алматы облысы Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Сергей Незнаев.

Оның айтуынша, жедел-іздестіру іс-шараларына 40-қа жуық құқық қорғау органы, 10 төтенше жағдай, сондай-ақ ұлттық ұлан әскери қызметкерлері қатасып жатыр. Бұрындары радиусы 25 шақырым жерді 100-ге жуық адам тінтіген еді. Жергілікті тұрғындар да атпен іздестіруге қатысты.


15 шілдеде Алматы облысында тауға барған 7 жасар бала із-түссіз жоғалып кетті. Ол достарымен жайлауда ойнап жүріп, арасынан жалғыз өзі үйіне оралмаған. 

Баланың жоғалуына байланысты жергілікті шопаннан жауап алдынды. Ол балалардың бірінен ұялы телефон талап еткен. Шағым телефон сұраған баланың ата-анасынан түсті.