Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Тәуелсіздік күні елімізде 725 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Олардың ішінде 7 жұп егіз бар.
Бұл күні жаңа туған нәрестелердің арасында ұлдар мен қыздардың саны бірдей болды - 362 және 363.
"Перзентханалардың медицина қызметкерлері мереке күні аналар мен жаңа туған нәрестелерге сапалы және уақтылы көмек көрсетіп, жауапкершілік пен біліктіліктің жоғары деңгейін растады", - дейді министрлік.
Кеше мерекеде Астанада таңғы уақытта 18 сәби дүние есігін ашқан болатын. Олардың – 7-уі ұл, 11-і қыз.