Бұл туралы бүгін өткен Сенат отырысында депуат Амангелді Толамисов мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Министрлер кабинетінің басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында сенатор жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй алу мәселесін көтерді.
Айтуынша, елімізде мұндай балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан бірінші кезекте тұрғын үй алуға құқығы бар. Дегенмен, бүгінгі таңда бұл санатта тұрғын үй алу кезегінде 60 845 азамат тұр. Былтыр 1 211 адам тұрғын үй алса, ал биыл бірінші жартыжылдығында тек 287 адам ғана баспаналы болған.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиеленіп жатқан мекемелердің орналасқан мекенжайы бойынша емес, оларды келген жерлері бойынша тұрақты тұрғылықты тіркеуге қойып, сол өңірлерде тұрғын үй кезегіне қою керек. Бұл өз кезегінде олардың жылдамырақ баспанаға қол жеткізулеріне мүмкіндік береді. Мемлекеттік органдар «Отбасы банкімен» бірлесіп, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен «жетім балалар» санатындағы кезекте тұрған жастарға жеңілдетілген тұрғын үй ипотекалық бағдарламаларын және сатып алу мүмкіндігінсіз мемлекеттік жалдамалы пәтерлерді жалға беру бағдарламаларын қарастыруы тиіс, - деді сенатор.