Жетім бозбала өзін 8 жыл бұрын асырап алған аға-жеңгесінен бас тартты

Сотта 17 жастағы бозбала сотқа жүгінген өкілі арқылы туған ата-анасы дүниеден өткендігіне байланысты әкесі жағынан туыстары 8 жыл бұрын асырап алғанын айтты. Алайда, ол асырап алушымен өзара түсіністік жоқ екенін, сондықтан ол үйден кетіп, қазіргі уақытта нағашы тәтесінде тұрып жатқанын жеткізді.


Жауапкерлер баланың талаптарын толығымен мойындады. Сот баланың өтінішін басты назарға алып, оның талап арызын қанағаттандырды.
Сот шешімі заңды күшіне енді.