Бұл туралы өз инстаграм парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz.
"Балалар өте риза болды. Ойнадық, биледік, сәлемдемелеріңізді сол жерде раxаттанып отырып жеді, "Апай, менің туған күніме арнайы келдіңіздер ме? Мен де сіз сияқты қазақпын, өскенде футболист боламын" деген 9 жасар Лешаны құттықтап, жақсы тілек айттық.
Балалар сіздерге раxмет айтуда!
Осы ретте айта кетейін, осы балаларға сыйлық алуға үлес қосқан Сіздерге, уақытын қиып сыйымен бірге арнайы келген инстадосым @aktolkinhanym мен жолдасына, @ayel_siri ұжымының барлығына Алланың нұры жаусын! ", деп өзімен бірге барған адамдарға да алғыс айтты.
Журналист бірер күн бұрын Жетімдер үйіне баруды инстаграм парақшасында хабарлаған болатын.
"Достар, мен сенбі, яғни арғы күні түсіру тобымен АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ №1 Жетімдер үйіне барамын.
Балалар үйіндегі балапандарға менімен бірге қайырым ретінде ақшалай көмек не сыйлық беремін десеңіз, марxабат. Бірге жүріңіздер, немесе сәлемдемені жеткізейін.
Басқа қалада тұрып, счетқа ақша аударамын десеңіз жазып қояйын, өйткені 1 күн қалды, уақыт өте аз. Достарым 1 теңгеден тастаса 197 000 теңге болады екен. Ойыншық не кітаптар апарар едім...
Мен міндетті түрде апарып беремін. 50 теңге болса да көмек қой".
"Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған" деп сөзін қорытындылады.