Жетімдер үйіндегі 600 ден аса бала өз отбасына қайтарылды


Қазірде отбасының ынтымағын нығайту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен аймақтарда «Ақсақалдар кеңесі», «Аналар кеңесі» сынды жобалардың арқасында балалар үйіндегі өрендерге жарқын болашақ сыйлауға тамаша мүмкіндік бар. Биыл жетімдер мен ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға мемлекет қазынасынан 280 миллион теңге бөлінген. Ләззат Сүлеймен, Әйелдер істері және отбасылық демография жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары: - Бүгінде мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің арқасында 5 миллиард теңгені құрайтын 7 231 балаға арнайы есеп шот ашылды. Ол болашақта балалар үйінің тәрбиеленушілері кәсіби мамандық иесі болуға айтырлықтай көмек.