Жетімдер үйінің тәрбиеленушілері Миланға бармақ

Бұл жеңіс үшін жан берісіп ойнап жатқан Алматы облыстық және қалалық № 2 балалар үйінің тәрбиеленушілері. Екі команданың да, Миланға баруға деген құлшынысы жоғары. Қара тер болып, барын салып ойнауда. Бір жарым сағатқа созылған осы матчта «Барыс» командасы жеңіске жетті. Яғни, Алматы облыстық балар үйінің тәрбиеленушілері. Есеп 5:0

Бақтияр Құрмашев, «Барыс» командасының ойыншысы:

-Дайындығымыз бәрі жақсы. Жаңа да жақсы ойнадық. Ұмтылыс күшті бізде. Жеңіске жеттік. Жеңеміз сосын Миланға барамыз құдай қаласа.

Осы сынды іріктеу матчтары бүгін еліміздің барлық аумағында өтіп жатыр. 20 команда өзара мықтыны анықтайтын болады. Ал, финалдық кездесу маусымның 21-і күні Алматыда өтпек. Үздік шыққан балалар үйі, тамыз айының аяғында Италияның Милан қаласына саяхаттайды. Әйгілі Сан-Сиро стадионына барып, «Милан» футбол клубының Кака, Рабинио, Балатели сынды мықты ойыншыларымен жолығып, шеберлік сағатын алу мүмкіндігіне ие болмақ.


Сәуле Құлтаева, Жобаның үйлестірушісі:

-Бұл енді балалар үшін үлкен мүмкіндік, үлкен жетістік, үлкен қуаныш. Үлкен жаңалық. Осы бір жыл бойы біз оларға алдарына мақсат қойдық. Тек қайғылы жайттар емес, өмірдің қуанышқа толы екенінде олар осы жоба арқылы сезінуде. Жаңа достар табуда.

«Арманыңа жақында» атты қайырымдылық жобасын биыл осымен екінші мәрте «Бауыржан» қайырымдылық қоры ұйымдастырып отыр. Былтыр Есіл балар үйі жеңіске жетіп, «Барселона» қаласына барған еді. Ал, енді Миланға сапар шегетін команда, тек, маусымның 21-і белгілі болмақ.