Бұл туралы Sn.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Матчтың 75 минутында алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Кеңесбай Шұбаев ойынға тыңнан қосылуы тиіс болған. Алайда, алаңға шықпастан бұрын ол бұрышқа барып, жұрттың көзінше кіші дәрет сындырды. Мұны куәгерлер бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желілерге таратып жіберген.
Ал, матчтың өзі 3:1 есебімен «Мақтарал» клубының жеңісімен аяқталды. Енді оңтүстікқазақстандық команда ширек финалда өнер көрсететін болады. Ал, елордалық клуб аталған ойынға негізгі емес, жастар құрамын алып келгенін де айта кету керек.