Халық әлі күнге дейін қайраткердің бірінші жарының өмірде қандай болғаны туралы пікірлерін жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Құралай Нұрқаділованың құрбысы Нұрбике Нұрқаділованың өмірде қандай жан болғанын айтып берді.
"Нұрбике апамызды бүгін қара жер қойнауына тапсырдық. Нұрбике апамыз нағыз қазақ әйелінің символы, нағыз қазақ келінің символы. Адал жар, сүйікті ана. Бүгінгі таңда мативатор, психологтар бар. Қаншама ақша беріп өзін өзі таппай жүрген қаншама қыз келіншектер бар.
Осыдан 26 жыл менің нағыз мативаторым болған, санамды ашып ойымды өзгерткен, менің осындай жетістік ке жеткеніме себепші болған асыл жан. Бүгін қимастықпен жер қойнауына тапсырдық. Жетістік ке жеткен әр еркектің артында өзін құрбан еткен бір әйел тұрады десе осы Нұрбике апамызды айтар едім.
Сүйікті жарына, баласына өмірін арнаған қарапайым мейірімді жан, сұлу ғұмыр сүрген сұлу өмір сүрген жанымен тәні бірдей көркем ана дер едім. Бұл Құралай мен Қайраттың анасы ғана емес бүкіл қазақтың анасы деп білемін. Сондай өмірі де өлімі де сұлу болып кеткен анамыздың жаны жаннатта, топырағы торқа болсын. Досым Құралай ға ағамыз Қайратқа қайғыра көңіл айтамын", - деп жазды ол.