"Ресейдің бұл жоғары наградасына С. Сұлтанғалиев Ресей мен Қазақстан Республикасы арасында достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін лайықты деп табылды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
С. Сұлтанғалиев - сәулетші, Қазақ политехника институтын бітірген. Көптеген жылдар бойғы жемісті еңбегі және ҚР құрылыс саласын дамытудағы еңбегі үшін С. Сұлтанғалиев "Қазақстанның құрметті құрылысшысы" және "Қазақстанның құрметті сәулетшісі" құрметті төс белгілерімен марапатталған.