"Жобада бірдей тәуекелге бармасаң, дұрыс инвесторлар келмейді. Біз өңірлік компаниялар ретінде ішкі нарықта ірі ойыншыға айналуға тиіспіз, және бұл үлкен қарқынмен жүзеге асуға тиіс, бірақ, ӘКК-дың капиталы ұлғайтылмай отыр", -деді Ә. Елеуов.
Оның пікірінше, бұл көп жағдайда жергілікті жерлерде ӘКК-ға берілетін активтердің құнына байланысты. "Мәселен, біздің ӘКК-ға 32 нысанды беруге шешім қабылданған, мемлекеттік мүлік комитетінің бағалауынша, 10 млрд теңге тұрады, бұл нарыққа үлкен жоспармен шығуға және ірі жобаларға инвестиция жұмсауға дайынбыз деп айтуға тым жеткіліксіз", - деді "Жетісу" өкілі.
Сонымен бірге, ол ӘКК-дың капиталына қатысты проблеманы бюджеттен қаржыландыру мәселесімен байланыстырды. "Біз акция шығару арқылы 2 млрд теңге алдық, ірі жобаларды жүзеге асыруға бұл қаржы жетпейді, ал ақшаны сансыз шағын жобаларға бөлшектеп жіберу орынсыз", - деді Ә. Елеуов.
"Сол себепті қазір барлық ӘКК тарапынан үкіметке капиталды ұлғайту проблемасын қалай шешу керектігі жөнінде ұсыныстар топтамасы әзірленуде", - деді ол.
Сонымен бірге, "Жетісу" өкілінің айтуынша, "ӘКК үлес қоса алатын инвестициялық жобалар өте көп, бірақ, отандық бизнес қазіргі жағдайда жер мен жер қойнауынан гөрі ақшаға мұқтаж". "Ал бәрі былай деп ойлайды: биліктің бизнестегі өңірлік өкілдері ретінде ӘКК-лар осындай жаңа жобаларға бірінші кезекте өз қаражатымен келуге тіис деп санайды, нарықтағы қазіргі жағдай солай", -деді "Жетысу" ӘКК өкілі.
Өз кезегінде сенат депутаты Еділбай Иманқұлов ағымдағы жылдың бюджетіне енгізілетін өзгерістерді қарау барысында әрбір өңірлік ӘКК-ға биылғы жылдан қалдырмай 1 млрд теңгеден қосымша қаржы бөлуді ұсынды. "Біз бүгінде Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларды өңірлік даму институты, яғни, шағын "Қазына" деп атап отырмыз. Ал "Қазынаға" бір бәрін беріп қойдық: заңнамалық базаны да, қыруар көп қаржыны да бердік. Бірақ сол "Қазына" біз күткен нәтижені бере алмады деп ашық айта аламыз, ал Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларға бүгін қосымша қаржы беруге міндеттіміз", -деді сенат депутаты.