Жетісу облысында 73 жастағы жүргізуші көлікті басқара алмай, салдарынан бір жолаушы қаза тапты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Апат 30 маусым күні Сарқан ауданында Алматы-Өскемен тас жолының 462-шақырымында орын алды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік аударылды.

Оқиға орнында 33 жастағы жолаушы қаза тапты. Екінші жолаушы мен жарақат алған егде жастағы жүргізуші аудандық ауруханаға жатқызылды.