Жетісуда қызметтік міндеттерін атқару кезінде екі полицей көз жұмды

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

Оның сөзінше, Ішкі істер министрлігі марқұмдардың отбасыларына қажетті көмекті көрсетеді.

“Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан Жетісу облысы Полиция департаменті қызметкерлері — полиция майоры Арнұр Алханов пен полиция аға лейтенанты Шыңғыс Асылбековтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Олардың есімдері әріптестерінің жадында мәңгі сақталады”, — деді Ержан Сәденов.