Жетісулық волейболшы қыздар ел чемпионатының 3-турында да жеңіліссіз келе жатқан жалғыз команда болып отыр


Алматы облысының волейболшылары кеше алматылықтар («Алматы») мен өскемендіктерді («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») 3:1, ал теміртаулықтардан («Металлург АМТ») 3:2 есебімен басым түскен Қарағанды облысындағы («Қарағанды») қарсыластарын 3:0 есебімен ұтты. Соның нәтижесінде олар қазір ел чемпионатында жеңіліссіз келе жатқан жалғыз команда болып отыр. Қазіргі таңда «Жетісуда» - 45, «Астанада» - 34, «Ертіс-Қазхромда» - 29, «Қарағандыда» - 22, «Алматыда» - 16, «Металлург АМТ» - 10, «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыста» 6 ұпай бар. Үшінші турда тек «Жетісуға» есе жіберген астаналықтар өзге 3 кездесуде 9 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Оларға өз орнын босатқан павлодарлықтар бұл жолы 3 кездесуден кейін қоржындарына 3 ұпай ғана қосты. Ал қарағандылықтар -8, алматылықтар - 6, темітаулықтар 1 ұпай жинаса, өскемендіктер барлық кездесуде жеңіліс тапты. Бұл сында бүгін олар енді теміртаулықтармен ұпай бөлісуге бар күшін жұмсамақ. Өйткені 22 қаңтардағы ақтық кездесуде жетісулықтардан ұпай алу «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» үшін өте қиын болмақ.