Жетісулық волейболшы қыздар ел чемпионатының 5-турында да барлық қарсыластарын ойсырата ұтуда


Алғашқы үш кездесуде «Астана», «Ертіс-Қазхром», «Қарағанды» командаларын 3:0 есебімен ұтқан олар, мүмкін болған 9 ұпайдың барлығын өз қоржынына салды. Бүгін «жетісулықтар» алматылық құрбыларының шеберлігін сынайды. Ал өскемендіктер («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») теміртаулық («Металлург АМТ»), қарағандылықтар астаналықтармен күш сынасады. Қазір «Жетісуда» - 63, «Астанада» - 45, Ертіс-Қазхромда» - 37, «Қарағандыда» - 28, «Алматыда» - 20, «Металлург АМТ» командасында - 13, «Шығыс-Қорғасын Құрылыста» - 10 ұпай бар.