Өткен 3-турда 54 ұпай жинап өзге командалардан оқ бойы ұзап кеткен Алматы облысының волейболшылары бұл жолы да ешкіммен ұпай бөліспеуде. Олар «Астана», «Қарағанды», «Алматы», «Металлург АМТ» (Теміртау), «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен) командаларын 3:0 есебімен ұтып, 5 кездесуде ең жоғарғы - 15 ұпайға қол жеткізді. Қазір турнир кестесінде «Жетісуда» - 69, «Астанада» - 48, «Ертіс-Қазхромда» (Павлодар облысы) - 41, «Қарағандыда» - 36, «Алматыда» - 30, Металлург АМТ-да» -16, «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыста» - 6 ұпай бар. Өскемендіктер бұл турда өз қоржынына әзірге бірде-бір ұпай қоса алған жоқ. Бүгін енді 4-турдың соңғы кездесуін теміртаулықтар астаналықтармен, өскемендіктер «жетісулықтармен», ал Алматының спортшылары павлодарлықтармен өткізеді.