Жетісулық волейболшы қыздар Ұлттық лиганың 4-інші турында қарсыластарына бірде-бір ұпай ұстатпауда

Алғашқы 5 кездесудің қорытындысы бойынша, Алматы облысының «Жетісу» командасы көшбасшылық тізгінді ешкімге берер емес. Олар 4 ойынның нәтижесінде қоржындарына 12 ұпай салды. «Алматы» - 9, «Астана» мен «Қарағанды» - 8, «Ертіс-Қазхром» (Павлодар облысы) - 6, «Металлург АМТ» (Теміртау) -3, ал «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» бірде-бір ұпайға ие бола алған жоқ.

Бүгін «жетісулықтар» теміртаулық, астаналықтар алматылық, павлодарлықтар қарағандылық құрдастарымен кездеседі. Ал 4-інші турдың 21 ақпан күнгі ақтық кездесуінде теміртаулықтар астаналық, өскемендіктер «жетісулық», алматылықтар павлодарлықтармен шеберлік байқасатын болады.