Жарысты Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Алматы қаласының ұлттық қазақ күресі федерациясы бірлесіп ұйымдастырды. Оған бұған дейін аудандық сында үздік шыққан балуандар қатысты.
Аса тартысты өткен жарыста 54 келіде Ғусман Қырғызбаев, 60 келіде Ғани Келдіқұлов, 66 келіде Нұржан Жұмажан, 74 келіде Асылбек Әлкей, 82 келіде Жайдар Сайлаубаев, 90 келіде Серік Оразханов, 90 келіден жоғары салмақта Арслан Абдамит, ал түйе балуанда Ердәулет Құрманов жеңімпаз атанды. Өз салмағында қарсылас шақ келтірмеген Жетісу ауданының балуаны Ж. Сайлаубаев түйе балуан сайысында аса ауыр салмақта күміс жүлдегер атанған өз жерлесі Е. Құрмановқа ғана ұтылды. Онда қола жүлдені 90 келіден жоғары салмақта жеңімпаз атанған Әуезов ауданының спортшысы С. Оразхан иеленді. Енді қыркүйек айында Астанада өтетін «Қазақстан барысы» додасында Алматы қаласының намысын Ердәулет Құрманов пе Жайдар Сайлаубаев қорғайтын болады.