"Жездемнің баласы": Екі еркектен екі бала босанған балдызы үшінші, төртінші баласының жездесінен екенін айтады

Ақтолқын мәселенің бетін ашу үшін Koremiz ток шоуына жүгінген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Жездемнің баласы. Менің балам емес дейді. Артындағы қалына дейін соған ұқсайды. Мені қарабет қылып көшенің "әрдемесі" қылып жіберді. Мен үш жарым жыл ешкіммен жатпағанмын", - дейді.
Ақтолқынның әпкесі он шақты жыл бұрын өз-өзіне қол салып қайтыс болған екен. Артында қалған үш баласына қамқорлық танытып қаралы үйге жиі келіп жүргенде жездесінің көзі түседі.

"Ойымда ештеңе жоқ. Ұйықтап жатырмын. Бірдеңе денемді түрткендей болды. Айқайлайын десем балаларды шошытып алам ба дедім. Сонымен, сондай болды", - деген ол ақырында жездесімен бас қосқанын айтады. 
Дегенімен, жездесінің желігі басылмай жүргенін, телефонына жалаңаш қыздардың суреті келетінін айтып шағымданады. 

"Төсекке қанбай ма?! Маған талабы көп болған оның. Мен көбісін істемегенмін. Төсекке тоймаған әлі де", - дейді Ақтолқын. 


Айта өтейік, Ақтолқынның жездесімен шаңырақ көтермей тұрып екі баласы болады. Бірінші баласы алғашқы күйеуінен екенін айтқан ол "Сәтсіз неке болды" дейді. "Кейіннен жігітіммен жүріп, аяғым ауыр болды. Ол баладан бас тартты" дейді. Содан үшінші баланы жездесінен көтергенін айтқан ол төртіншісінен аяғы ауыр екенін оның да әкесі жездесі екенін айтып отыр.

Ал, бұған жездесі Қайрат "80% менің ұлым болуы да мүмкін. 20% күмәнім бар", - дейді.