ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметтері бойынша, 6 мамырда Қарағанды облысында 19 сағат 35 минутта Қарағанды -Сәтпаев бағытында санитарлық тапсырмамен "Перан" жеке компаниясының иелегіндегі борт номері № ЛА 127 ЯК-12 ұшағы Сәтпаев қаласындағы ұшып-қону жолағының дайындалмағандығынан Жезқазған қаласының әуежайына қонған. Ұшақтың ішінде 4 адам болды.
Баспасөз қызметі хабарлағанындай, "ұшақтың қонуы кезінде шассидің оң тіреуіші сынғандықтан, винттің екі құлағы зақымданды.Соның салдарынан ұшақ жолдан тайып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Ұшақ қондыру жолағынан 70 метр жерге тасымалданды. Әуежай қалыпты режимде жұмыс істеуде.