Жезқазған қаласының тұрғыны хат салатын жәшігінен граната тауып алды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, жексенбі күні кешқұрым полицияның кезекші бөліміне Анарқұлов көшесі, 2 мекен-жайындағы бес қабатты үйдің тұрғыны хабарласып, хат салатын жәшігінен гранатаға ұқсас зат тауып алғандығын айтқан.

Төтенше жағдай орнына дереу жеткен ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД-ның 9 адамы арнайы іс-шаралар жүргізіп, жарылғыш зат - оқу гранатасы екендігін анықтады.

Полиция қызметкерлері гранатаны жою үшін алынды.