ТЖМ ақпараты бойынша, 27 қаңтарда сағат 17.38 Жезқазғанның ЖЭО-да "15 метрлік конвейірлік лентасы мен көмір жанды. Зардап шеккендер жоқ".
Баспасөз қызметі хабарлағанындай, өрт сөндіру сағат 18.40 басталып сағат 20.19 толық сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖМ жеке құрамының 15 қызметкері және 4 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.