Жезқазған-Бейнеу темір жолын мемлекеттік бюджет есебінен тарту орынды

""Қазақстан темір жолы" АҚ позициясы бойынша, бұл жоба мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылуы керек", - деді Ж. Күлекеев.

Ж. Күлекеевтің пікірінше,"Жезқазған - Бейнеу жолы Қазақстан территориясын қақ бөледі. Оны тарту үлкен жетістік болар еді. Егер бұл жоба жеке операторлардың қолында қалса, онда солтүстік және оңтүстіктен келетін жолдарды ұстауда қиындық туындайды. Өйткені, жүк жіберушілер үшін Жезқазған-Бейнеу жолы тиімді. Онда біз әрине, табыстан қағыламыз".

"Сондықтан, бұл жол учаскесінің операторы өзіміз болуды қалаймыз ", - деп атап өтті ҚТЖ басшысы.

Бұдан бұрын айтылғанындай, 2006 жылы ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі 1 мың шақырымдық құны $1,5млрд Жезқазған-Сексеуіл-Шалқар-Бейнеу теміржол құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін жасаған болатын. Бұл жобаны қаржыландыруға бірнеше инвесторлар мүдделілік танытқан. Өйткені, бұдан бұрын теміржол табанының құрылысын концессиялық негізінде қаржыландыру жоспарланған.

Қытай - Ақтау порты - Баку - Грузия - Түркия - Еуропа мемлекеттері шекарасының транзиттік бір бөлігі болатын Жезқазған-Бейнеу теміржол құрылысы арқасында, Қытайдан Еуропалық порттарға жөнілтілетін жүк тасымалы 42 күннен 12-ге дейін қысқарады. Темір жол табаны елдің орталығынан оңтүстік батысқа қарай- Қарағанды, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының аумағы арқылы өтетін болады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті