Сақалды құрылысқа айналғалы 10 жылдан асқан бұл үйді 30 млн. теңге инвестиция жұмсап, "Карат" ЖШС салып бітірді.
Жезқазған қалалық әкімшілігінің хабарлауынша, жаңа үйдің 1 шаршы метрінің құны 130 АҚШ долларынан аспайды.
Пәтерлердің тең жартысын ипотека бойынша жұмысшы жастар иемденді. Ал қалған пәтерлер мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне үлестірілді. Жаңа пәтер қожайындарына кілтті Жезқазған қаласының әкімі Арман Бейсенов табыс етті.