Жезқазғанда автобус өртеніп, жүргізуші мен кондуктор күйіп қалды

Куәгерлердің айтуынша, автобус кешкі уақытта аурухана кешенінің ауданында өртенген. "ПАЗ" маркалы автобустың өртенгені туралы мәлімет өрт сөндіру қызметінің кезекші бөліміне 19:19-да түскен.

Өрт болған уақытта қоғамдық көліктің ішінде жолаушылар болмаған.  Өрт салдарынан күйіп қалған 1995 жылғы жүргізуші мен 1994 жылғы кондуктор Жезқазған ауруханасына жеткізілді. Өрт 19:40-та сөндірілді. Өрт аумағы - 12 шаршы метр. 

"Өрт сөндіруге Қарағанды облыстық ТЖД апатты құтқару жұмыстары және өрт сөндіру қызметіндегі жеке құрамның 11 адамы мен арнайы үш техника жұмылдырылды", - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.