Жезқазғанда еңбек инспекциясы бастығына қатысты қосымша 10 қылмыстық іс қозғалды

«2014 жылдың қаңтар айында Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері Қарағанды облысының Еңбек инспекциясы басқармасының бастығы Мұрат Қаракекіловтің, оның орынбасары Алмаз Махатов және Жезқазған еңбек инспекциясы бөлімінің бастығы Сәлімжан Әуезовтің 2 мың АҚШ доллары көлемінде пара алғанын анықтаған», - дейді баспасөз қызметінен.

Тергеу амалдарының деректері бойынша пара «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жұмысшысының оқыс оқиғаға тап болуына жұмыс берушінің кінәлі екенін растайтын қорытындыны беруге арналған. Лауазымды тұлғаларға қатысты ҚР ҚК 311 бабы 4 бөлімінің «б» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қаракекілов пен Әуезов тұтқындалды.

«Жедел іздестіру шаралары барысында Жезқазған еңбек инспекциясы бөлімінің бастығы С. Әуезов тағы 10 жемқорлық қылмысты жасағаны анықталған», - делінген хабарламада.


Тергеу ақпараты бойынша, пара сан алуан мақсаттарда берілген. «Еңбек инспекциясы бөлімінің бастығы ЖШС-нің бірінің жалған дипломмен жүрген қызметкері туралы анықталған экономикалық қауіпсіздік қызметіне қатысты мәселені шешемін деп 400 мың теңге пара алған», - делінген хабарламада.

Қаржы полициясының деректерінше, параның жалпы көлемі 1 млн. 250 мың теңгені құрады.

«Сондай-ақ Әуезовке бірнеше рет мемлекеттік мекемелердегі лауазымды тұлғалардан мүгедектігі жөніндегі анықтама қағазын алып беремін деп пара алған деген айып тағылуда», - дейді облыстық Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері.