Жезқазғанда науқас аурухана терезесінен секіріп кеткен

70 жастағы ер адам алтыншы қабаттағы палата терезесінен секіріп кеткен. Бұл туралы аурухананың қабылдау бөлімі мәлімдеді.

«Бірнеше күн ем алғаннан кейін ер адам дәрігерлерге қарттар үйіне қайта оралғысы келетінін айтқан. Ол ауруханаға қарттар үйінен жеткізілген. Ол әлі сырқаттанып тұрғандықтан біз оны жібермедік», дейді ауруханадағылар.

Зейнеткердің өліміне не себеп болғаны тексерілуде.