Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің таратқан ақпараты бойынша, форумның негізгі мақсаты, "елдегі бизнес құрылымдарының болашаққа бағытталған дамуы барысындағы әлеуметтік жауапкершілігінің негізгі индикаторларын анықтау".
Форумның жұмыс қорытындысы бойынша, Біріккен Ұлттар Ұйымының әлеуметтік-еңбек қатынастары саласының аясында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің ішкі және сыртқы негізгі индикаторларын анықтайтын Жаһандық келісім қағидаларын кеңінен тарату жөнінде, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен әлеуметтік салада өз үлестерін қосатын бизнес құралымдары арасында келісім -шартқа қол қойылу көзделген.
Форумның жұмысына парламент депутаттары, президент әкімшілігінің өкілдері, үкімет мүшелері, кәсіподақ федерациясы, аймақтық жетекші кәсіпорындарының қызметкерлері және бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.