Жезқазғанда қылмыстық топ мүшесі құрықталды

"Қарағанды кәсіпкерінен құқық қорғау органына шағым келіп түсті. Пеле Қайназаров кәсіпкерді "Мерседес" автокөлігін беріп, осы көлікті кепілге қоя отырып, ірі көлемдегі несие алуға мәжбүрлеген. Тұтқындау кезінде Пеле Қайназаров сол көлікте болған. Кейін анықталғандай, "666" сандары болған көліктің мемлекеттік нөмірі құрылыс кранына тиесілі болған", - деді Исраил Айдаров.

Сонымен бірге, тұтқындау кезінде Пеле Қайназаровтың күртешесінің қалтасынан 9 грамм героин табылған. Шұғыл мәліметтерге сүйенсек, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі Бетпақ дала арқылы Қарағанды облысына оңтүстік облыстардан келетін есірткі тасымалын қадағалаған.

Исраил Айдаровтың айтуынша, "Қазақмыс" корпорациясының кәсіпорындарынан түсті металды ұрлауды ұйымдастырған да сол. Пеле Қайназаровқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оған есірткі заттарын сақтағандығы үшін және өз билігін таңғандығы үшін айып тағылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті