Caravan Logo

Жезқазғанда сот шешімімен жұмыстан шыққан азамат ішіне пышақ сұғып алды

 Жезқазғанда сот шешімімен жұмыстан шыққан азамат ішіне пышақ сұғып алды

Жезқазған сотының ғимаратында әлдебір адам сот шешіміне наразылық танытып өз өзіне пышақ салды. Мәліметтерге қарағанда дәл қарнына пышақ сұғып қансыраған адам кенші көрінеді. Ол мұндай әрекетке жұмыстан шығарғаны үшін барған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

Бейнекөріністе сот шешіміне наразы болған жұмысшы «сот төрағасын шақырыңдар, өз шешімдерін аяғына дейін қорғай алмай ма»,- дейді. Әзірге оқиғаның қашан және нақты не үшін болғаны белгісіз.