Жезқазғанда тапанша ұрлығына байланысты ІІД басшылығы түгел қызметтен қуылды


Өткен айдың соңында Жезқазғандағы Ішкі істер басқармасының қоймасында 4 тапаншаның жетіспейтіні анықталған еді. Іле шала тексеріс жүргенде, қоймадан тағы 19 қарудың ізім-ғайым жоғалғаны әшкереленді. Сөйтсе, басқармадағы қаруға рұқсат беретін және тылдық қамтамасыз ету бөлімдерінің капитан шеніндегі инспекторлары Уахитов пен Қанаев өткен жылдан бері қоймаға өткізілген қарулардың нөмірлерін өшіріп, сатып келіпті. Бұл екеуі қазір тергеу абақтысында. Олар жалпы саны 23 қару-жарақ пен жүздеген оқ дәрілерді сатып жіберген.