Жезқазғандық қан тапсыру орталығы мен СПИД орталығында көптеген заң бұзушылықтар анықталды - прокуратура

Негізінен қан тапсыру қызметінің ғимаратына қойылатын талаптардың бұзылғандығы анықталды. А. Нұрсейітовтің сөзіне сүйенсек, қалалық қан тапсыру орталығында "кері қайтарылған немесе жарамсыз деп танылған өнімді сақтауға арналған жеке бөлме жоқ". Олар аға мейірбикенің бөлмесінде сақталады.

Сонымен қатар, қан тапсыру қызметіне қажетті арнайы құралдар жоқ, "бұл қан өнімі сапасының тұрақтылығына әсер етеді". Қан сақтауға тұрмыстық тоңазытқыштар пайдаланылады. "Әрине, осыған сәйкес температуралық режимнің бұзылуы туралы хабар беретін жүйе жоқ. Бұл қан мен оның компоненттерінің сапасына өз әсерін тигізеді", - деді прокурор орынбасары. "Қалалық қан тапсыру орталығы норманы бұзып, жаңадан тоңазытылған қан плазмасын сақтау процедурасы талаптарын мүлдем сақтамайды. Оны минус 30 градустан төмен температурада сақтау қажет",- деді ол.

А.Нұрсейітовтің ақпаратына сүйенсек Жезқазған қаласының СПИД-тің алдын алу және күрес орталығында әдістемелік-ұйымдастыру және алдын алу бөлімі жоқ. "Штаттағы қызметкерлер жеткіліксіз. Бұл денсаулық сақтау министрінің СПИД-тің алдын алу және күресу орталықтарының штаттық құрылымы туралы бұйрығының талаптарына қайшы", - деді ол.

Қалалық прокуратура Қарағанды облысының денсаулық сақтау департаментінің Жезқазған аймақтық өкілдігіне анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы тапсырма берді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті